Арасында улы шұбарлар бар: Шымкентте жылан қаптап кетті

Бүгін, 03:14 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Pixabay.com

Шымкентте бауырымен жорғалаушылар тұрғын үй мен аулаларға кіріп, жұрттың үрейін ұшырып жатыр. Соңғы айда жедел құтқару жасағының көмегіне 13 адам жүгінген, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Мамандар улы шұбар, оқ жыландарын аулағанын айтады. Ұсталған жорғалаушылар арнайы құралдардың көмегімен қала сыртына шығарылған. Сондықтан табиғат аясына серуенге шыққанда тұрғындар абай болғаны абзал. Былтыр көктем, жаз айларында 286 жылан ұсталған.

"Қазір Шымкент қаласы үлкейіп кетті ғой. Кейінгі салынған шағын аудандарда, сырт жақтардан көп шақырту түседі. Бір үйге 3-4 мәрте барған кезіміз болған. Арнайы қызметке, мамандарға жүгініп, қоңырау шалып, көмек сұраған дұрыс", - дейді қалалық ТЖД Жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Рауан Дүйсенбеков.