Теннисші Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан турнирді сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Турнирдің екінші айналымында Елена канадалық Бьянка Андреескумен (рейтингіде 132-орында) кездесіп, қарсыласын екі сетте – 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңіп, жарыстың үшінші айналымына шықты.
Бұл Мадридтегі турнирдегі Еленаның алғашқы ойыны болды. Биылғы жылы турнирдің жүлде қоры – 7 854 000 еуро (4 593 375 648 теңге).
Жекелей сында жеңіске жеткен спортшы 985 030 еуро (576 090 248 теңге) және 1 000 рейтингтік ұпай алады. Қазіргі таңда бұл турнирдің қазіргі чемпионкасы – польшалық Ига Швёнтек (рейтингіде 2-орын).