Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 02:08 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынны деректеріне қарағанда, Астанада 27 сәуір күні найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді.

27 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

27 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 жылдамдығы м/с болады. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі.

27 сәуірде күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

27 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 27 сәуірде облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 сәуірде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.

27 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталыд.

27 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде күндіз Павлодар облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.