Атырау облысында жол апатынан 25 адам қаза тапқан

26 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Атырау облысында жыл басынан бері 400-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апатынан 25 адам мерт болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

KAZINFORM таратқан мәлімет бойынша жарақат алғандар саны 600-ден асқан.

Атырау облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әділбек Шахметовтің айтуынша, мұнайлы өңірде адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы азаймай тұр.

Мәселен, жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 400-ден асты. Жол апатынан 25 адам қаза тапты. Ал 600-ден астам адам түрлі дене жарақатын алды. Тас жолда тіркелген жол апаттарының бәрі адами фактордың саладыран болып отыр. Көлік жүргізушілері өзіне жолаушылардың өмірін сақтау үшін жауапкершілік жүктелетінін сезінбейді, -дейді Әділбек Шахметов.

Оның дерегіне қарағанда, жол-көлік оқиғаларының бірнеше себебі анықталған.

– Біріншіден, жүргізушілер белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырады.

Екіншіден, рульде келе жатып, мобильді телефонды қолданады.

Үшіншіден, маневр жасау талаптарын бұзады.

Төртіншіден, балаларды арнайы құрылғысынсыз тасымалдайды.

Ең басты фактор – жолда жүру қағидаларын сақтамай, діттеген жерге тез баруға асығу. , -деп мәлім етті Әділбек Шахметов.