26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазгидромет синоптиктері 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Елдің шығысында, оңтүстігінде және орталығында айтарлықтай күн райы жауын-шашынсыз болады. 

Батыста күн райы жауынды болады, елдің батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, батыста және шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанып отыр.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 3 градус аяз болады.

Қызылорда, батыста, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары болады, сонымен қатар Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында өрт қаупі жоғары болады.