“Өнер қырандарының” жетекшісі Мадияр Серікбаевтың әйелі, актриса Дана өз сұхбатында өнерден кетпек болғандарын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
“Мәкең мешіттен шықпай, ілім алып, құранға түсіп, өнерден кетем деген кезеңдер болды. Біз командамыз ғой. Содан балалар да “бітіргеніміз әртістік қой, қалай нәпақамызды табамыз” деп ғалымдардан сұрастырдық. Өнер жолында жүріп те Аллаға қызмет ете аласыңдар деді ұстаздар. Содан рухани концерттер ұйымдастырып бастадық”, – дейді Мадиярдың әйелі.