Күніне 10 мың қадам жүрсе қандай өзгерістер болады?

28 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Күніне 10 000 қадам жасау – ел ішінде кең таралған пайдалы әдеттердің бірі. Бұл жай ғана сандар емес, нағыз денсаулыққа тиімді, өмір сапасын арттыратын әрекет, деп жазды Turkystan.kz.

Егер күн сайын 10 000 қадам жасау қиынға соғатын болса, бастапқыда 5 000-6 000 қадамнан бастап, біртіндеп арттырса да болады. Ең бастысы – тұрақтылық. 

Күн сайын 10 000 қадам жүргенде болатын өзгерістер:

Денсаулық жақсарады. Стресс азаяды, көңіл-күй көтеріледі. Серуен кезінде эндорфин (қуаныш гормоны) бөлініп, ұйқы сапасы жақсарады.

Жүрек-қантамыр жүйесі нығаяды. Қан айналымы жақсарады және қан қысымы тұрақтанады. Сондайқ-ақ инсульт пен инфаркт қаупі азаяды.

Салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі. Калория жағылады, шамамен 300-500 ккал, жүріс қарқынына байланысты. Май қоры азаяды, бұлшық ет белсенділігі артады.

Төзімділік артады. Баяу, бірақ тұрақты дене белсенділігі арқылы ағзаға күш түсірмей-ақ формада болуға болады. Энергия көбейіп, шаршау азаяды.

Аяқ, буын және бұлшық еттер нығаяды. Аяқ бұлшықеттері мен тізе буындары қозғалыста болады. Бұл артроз сияқты аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Қант диабеті мен басқа созылмалы аурулар қаупі төмендейді. Қандағы қант деңгейі тұрақталады. Инсулинге сезімталдық жақсарады.

Тэгтер:

денсаулық Салмақ Күн 10 000 қадам Калория