Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасары тағайындалды

25 сәуір, 2025 / Алуа Арман
azh.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол физика-математика ғылымдарының кандидаты. 2016 жылдан бері «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ бас директоры қызметін атқарған.

Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол АҚШ-та ядролық реактор операторына лицензия алған бірінші қазақ.

Тэгтер:

Атом энергиясы жөніндегі агенттік атом энергиясы төрағаның орынбасары