Атырауда 1,5 тоннадан астам балық өнімдері тәркіленді

25 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Полиция департаменті мен балық қорғау инспекциясы бірлесіп, теңізде заңсыз балық аулауға тосқауыл қою үшін мобильдік кемелер мен автокөлік бақылау топтарын ұйымдастырды.

Нәтижесінде 101 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 6 жағдай бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, рейд барысында 1 су көлігі, 26 балық аулау құралы және жалпы салмағы 1 тонна 637 келі балық өнімдері тәркіленді. Оның ішінде 311 келі – бекіре тұқымдас балықтар, 2 келіден астам – уылдырық. Барлық тәркіленген өнімдер балық зауытына тапсырылды.

Жайық-Каспий бассейнінің су ресурстарын сақтау мақсатында Атырау облысының полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, браконьерлікпен күрес жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Заңсыз балық аулауға қарсы бағытталған мұндай шаралар – биологиялық ресурстарды сақтаудың, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып есептеледі.

Тэгтер:

Полиция Атырау балық