«Алаяқ әйеліне жандарың ашымасын»: Мұрат Әбділдәнің адвокаты тосын мәлімдеме жасады

25 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

2 жыл 11 күнге қайта бас бостандығынан айырылған Мұрат Әбділданың авдокаты Молдахан Әділетхан тосын мәлімдеме жасады.

Желіде көпшілік блогердің әйеліне жаны ашып жатқанын жарыса жазып жатыр. Алайда адвокат әйелі Мұрат Әбділдәнің үстінен бірнеше рет арыз жазғанын және бұрын сотты болғанын мәлім етті.

«Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Ол да «алаяқтық»  бойынша істі болған. Отырып та шыққан. Бізбен Әсел деп танысты, бірақ аты басқа болып шықты. Ол да профилактикалық тексеруде жүр. Мұрат «ұрды, соқты» деп бірнеше рет арыз жазған. Екеуі де білгенін істеп жүрді. Мұрат та тыныш жүрген жоқ. Оның үйіне дейін барып, тыныш жүр деп айтқанбыз. Тіпті, қатыны бізді алдамақ болды. Сол түбіне жетті. Еңіреп өтірік жыламай-ақ қойсын. Өзі 102-ге хабарласып, арыз жазған. Анасына обал болды. Өте жақсы кісі. Соңғы уақытта анасымен де хабарласпаған. Екі апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа адам болып шықты», – деді Молдахан Әділетхан.

Тэгтер:

Алаяқ блогер Мұрат Әбділдә Әйел мәлімдеме адвокат