Қатерлі ісік симптомын алдын ала анықтайтын қан талдауының жаңа әдісі пайда болды

25 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Ұлыбританияда дәрігерлер 12 түрлі қатерлі ісікті симптомдары пайда болмай тұрып анықтай алатын қан талдауының инновациялық әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс 20 мың адамға сынақ ретінде қолданылып, 99% дәлдік көрсеткен.

"Бар болғаны 10 тамшы қан жеткілікті. Арнайы алгоритм қатерлі ісікті ғана емес, оның ағзаның қай бөлігінде орналасқанын да көрсетеді", – дейді зерттеуге қатысқан мамандар.

Мамандардың айтуынша, бұл технология кеңінен қолданысқа енсе, онкологиялық тексеруден өту холестеринге қан тапсыру сияқты қарапайым процеске айналуы мүмкін.

Тэгтер:

ғалымдар қатерлі ісік Жаңа симптом ерте анықтау қан талдауы әдіс