Түркістан облысы Төлеби ауданында 36 жастағы турист Мәдени ауылынан 500 метр жердегі каньонға түскен, деп хабарлады turkystan.kz.
Ер ада тереңдігі 50 метрлік каньонға түсіп, өз бетінше қайта шыға алмай қалған. Істің насырға шапқанын көрген достары бірден 112-ге хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырды.
Оқиға орнына жедел құтқару тобы жетті. Құтқарушылар дереу каньонға түсіп, оны арнайы қауіпсіздік жүйесімен байлап, құтқару арқанының көмегімен жер бетіне шығарды.
Абырой болғанда, турист зардап шекпеді.