«Ғашық болып жүрмін»: Сабина Алтынбекова сырын ашты

Бүгін, 05:41 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Спортшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде оқырмандарына өмірінде болып жатқан жаңалықтарды жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz. 

«Бүгін емханада менен «Сабина, көздерің жайнап тұр! Сен ғашық болып қалған жоқсың ба?» деп сұрады. Мен «Иә, өзіме ғашық болып жүрмін» деп жауап бердім», - дейді спортшы.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан болатын. Бір жылдан кейін ұлды болды. Спортшы жақында ғана кәсіпкермен ресми түрде ажырасқанын растады. 

Бүгінде волейболшы Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетіп жүр.