Ақмола облысының Макинск қаласында вандалдар жергілікті мазарларға сурет салып, бүлдіріп тастаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жергілікті тұрғындар бұған не дерін білмей отыр. Полиция тәртіп бұзғандарды іздестіріп жатыр. Бүлінген мазарлардың суреті Nayzakokshe паблигінде жарияланған.
«Бұл факт Бұланды ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылардың кім екенін анықтап жатыр. Жұмыс нәтижесіне қарай қажетті шаралар қабылданады», – деді Ақмола облысының Полиция департаменті.