Президент Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұлда болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді

24 сәуір, 2025 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстанбұл шаһары аумағында болған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады.

– Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз, – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Тэгтер:

ТоқаевЖер сілкінісіТүркияЕрдоғанЫстанбұл