Жамбыл облысында жүк вагондары жолдан шығып кетті

24 сәуір, 2025 / Алуа Арман
ҚТЖ

Жамбыл облысының Түрксіб станциясында жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«24 сәуір күні сағат 05:40-та Түрксіб станциясында жүк вагондары жолдан шығып кетті. Барлық вагондар жеке тұлғаларға тиесілі. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Апат салдарын жою үшін оқиға орнына Тараз бен Шу станцияларынан қалыпқа келтіру пойыздары жіберілді. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Тэгтер:

теміржолҚТЖжүк вагондары