Биржада теңге бағамы нығайды

24 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 517,16 теңгені құрады. Осылайша 1,22 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 518,34 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 519,12 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 521,52 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 22 сәуір күні доллар 3,15 теңгеге арзандаған болатын.

Тэгтер:

Доллар Ұлттық банк теңге доллар бағамы биржа қор биржасы