«Жүк көлігінің ішінде»: Қарағанды облысындағы тасжолда мәйіт табылды

24 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қарағанды облысындағы Шет ауданында, жол бойындағы дәмхананың маңынан Ақтөбе қаласының тұрғыны болған жүк көлігінің жүргізушісі өлі күйінде табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайыт BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 22 сәуір күні Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кентінің маңында орын алған.

Биылғы жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысының Шет ауданында Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынының мәйіті табылды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, азамат өзіне-өзі қол жұмсаған. Мәйіт оның жеке меншігіндегі жүк көлігінің кабинасынан табылған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тэгтер:

Жүк көлігісуицидмәйітҚарағанды облысытасжолШет ауданы