Қарағанды полициясы 34 жастағы қала тұрғынын қылмыс үстінде қолға түсірді, – деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 4,4 грамм гашишті сатып жатқан кезінде ұсталған.
Қозғалған қылмыстық іс аясында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізілді. Нәтижесінде 144 грамнан астам марихуана, 134,2 грамм гашиш, SIM-карталары бар 11 телефон тәркіленді.
Бұл деректер оның есірткі саудасымен жүйелі түрде айналысқанын айғақтайды.
Сондай-ақ тінту барысында екі тапанша мен газды және пневматикалық қаруға арналған оқ-дәрілер табылған.
Қазіргі уақытта бұл қарулардың атуға жарамдылығы сараптама арқылы анықталуда.