Алматыда 25-тен астам азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері 20 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде жас жігіт өз кінәсін мойындап, 25 адамның атына несие рәсімдегенін айтқан.
Қылмыстық іс қозғауға күдіктінің әрекетінен зардап шеккен қала тұрғынының арызы себеп болған.
Күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
— Полиция алаяқтарға қарсы әрекет ету әдістерін белсенді түрде жетілдіруде. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмайды, - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.