Түркістан облысында полицейлер Шымкент — Самара тасжолында жол ережелерін бұзған той кортежін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің нәтижесінде Mercedes-Benz және бес бірдей Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Оларға маневр жасау ережесін бұзу, жол қозғалысына қауіп төндіретін әрекеттер және көлік құралдарын пайдалану тәртібін сақтамау баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар жүргізушілермен жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп сақтауға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң талаптарына бей-жай қарамауға шақырады.