Өскеменде ер-азаматты өлтіріп, үйімен қоса өртеп жіберген

Бүгін, 11:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

Өскемен қаласында өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

21 сәуірде полицияға қаладағы пәтерлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

«Өртті сөндіргеннен кейін оқиға орнынан 37 жастағы азаматтың денесі табылды. Марқұмның мәйітінде зорлық-зомбылық іздері болған. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды», – деді Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

өртқылмыстық ісӨскемен