«Бәрі бір Алланың қалауымен»: Асланбек Шымбергенов Олимпиададағы жеңілісін қалай қабылдағанын айтты

Бүгін, 10:57 / Дана Ізтілеуова
instagram/aslanbek_shymbergenov

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін алғаш рет сұхбат беріп, жеңілісті қалай қабылдағанын айтты. Журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына берген сұхбатында ол көпшіліктің одан алтын жүлде күткенін тілге тиек етіп, өз ойын ортаға салды.

«Жеңілгенім өкінішті, әрине. Мен үшін ғана емес, қазақ елі үшін сенсация болды. Бәрі менен алтын күтті. Алланың қалауымен. Не болса да, солай қабылдаймыз. Біз оны өзгерте алмаймыз. Не істесек те. Болды, өтті, кетті. Оған ешқандай өкінбеуіміз керек деп айтсам халық басқаша түсінеді. Бәрі бір Алланың қалауымен дегенді халық бәрін Аллаға бұрып қоя ма деп кетті ғой. Әрине, біз не істесек те, не істемесек те бәрі Алланың қалауымен болатын нәрсе ғой. Қазір біздің отырғанымыз да Аллланың қалауымен деген сияқты. Бәрін дұрыс қабылдаймын. Қазір әлемде түрлі жағдай болып жатыр ғой. Біздің қасында мұның қасында түк емес қой», – дейді спортшы.

Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасы кезінде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған Асланбек Шымбергенов Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке жол беріп, ұтылып қалған болатын.

Тэгтер:

ОлимпиадаАсланбек ШымбергеновОлимпиадағы жеңілісіБәрі бір Алланың қалауыбокстан әлем чемпионы