Медеу ауданының прокуратурасы Алматы қаласының 12 жасар оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдікті Астанада отырып, Telegram мессенджері арқылы Алматыдағы гимназиялардың бірінде 6 сынып оқитын қызбен танысқан.
Кейіннен видеоқоңырау соғып, жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекеттер жасаған.
Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.
Оған 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа абақтыда өтейді.
Үкім заңды күшіне енді.