Терроризмді насихаттап, Сирияға кетпек болған Астана тұрғыны сотталды

Бүгін, 09:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдарды таратып, Сириядағы лаңкестік топқа қосылмақ болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері оны Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалып тұрған кезінде ұстады.

Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды.

Сот үкімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тэгтер:

ТерроризмСириятерроризмді насихаттаулаңкестік топ