Қазгидромет: Кейбір өңірлерде үсік жүруі мүмкін

23 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

24, 25 және 26 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытып, кейбір өңірлерде үсік жүруі мүмкін.

Елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда түнгі уақытта солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы болжануда: жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Сондай-ақ республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында тұман болады.

Үсіктің күтілетін өңірлер:

Тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, сақтық шараларын ұстануға кеңес беріледі.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Синоптик үсік