Гүлдерді жеп, иттермен төбелеседі: Буэнос-Айрестің элиталық ауданын капибаралар басып алды

23 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: Agustín Marcarian/Reuters

Аргентина астанасы Буэнос-Айрестің іргесіндегі элиталық аудан – Нордельтада капибаралар нағыз «қожайынға» айналып барады. Жергілікті тұрғындар үшін олар сүйкімді жануарлар емес, нағыз мәселеге айналған. Бұл туралы Guardian басылымы жазды. 

Кейінгі екі жылда капибаралардың саны 1000-нан асып, олар гүлдерді жеп, иттермен төбелесіп, тіпті жол бойында жататын болған. Кейбіреулер үшін бұл күлкілі көрініс болса, тұрғындар үшін – күнделікті күйзелістің көзі.

Капибаралар – әлемдегі ең ірі кеміргіштер. Олар бейбіт әрі баяу тіршілік ететін жануарлар ретінде танылғанымен, қазіргі ахуал жергілікті халықты алаңдатып отыр.

Мәселенің түп-тамыры – урбанизацияда. Бұрын бұл аймақ капибаралардың табиғи мекені – батпақты өңір болған. Алайда соңғы жылдары бұл жерлерге элиталық үйлер мен инфрақұрылым салынып, жануарлардың мекені тарылып қалған. Енді олар өз құқықтарын «қайтарып жатқандай». 

Тэгтер:

иттер гүлдер Буэнос-Айрес капибара