Ұшақта бортсерікпен жанжалдасқан жолаушыға айыппұл салынды

23 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтау қаласының әуежайында ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа әкімшілік жаза тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 2025 жылдың 20 сәуірінде сағат 00:10 шамасында Ақтау қаласының әуежайында, ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзып, ұшақтың борт серігімен жанжалдасып, айналасындағыларды сыйламай, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және 5 баласының барын айтып, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұраған.

Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 55 048 теңге айыппұл салынды.

Тэгтер:

Айыппұл Ақтау Әуежай Ұшақ бортсерік