Миллениалдар демалғаны үшін өздерін қатты кінәлі сезнеді – зерттеу

23 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

АҚШ-та қызметкерлердің көбі өздеріне тиесілі ақылы демалыс күндерін толық пайдаланбайды. Жуырда жүргізілген сауалнама миллениалдар буынының (1981–1996 ж.т.) демалысқа шыққанда ең көп кінәлі сезінетінін көрсетті.

YouGov зерттеу компаниясы Halfday шай бренді тапсырысымен жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, АҚШ-тағы миллениалдардың 58%-ы демалысқа шыққанда өзін кінәлі сезінетінін мойындаған. Ал З буынының (1997 жылдан кейін туғандар) арасында бұл көрсеткіш – 55%. Ең еркін буын – бэби-бумерлер (1946–1964 ж.т.): олардың жартысынан азы ғана демалысқа шыққанына өкініш білдірген.

Halfday компаниясының тең құрылтайшысы Майк Ломбардоның айтуынша, миллениалдар жұмыс нарығына технологиялық серпіліс кезінде келген, сол себепті олар әрдайым байланыста болуы керек деген қысыммен бетпе-бет келді.

“АҚШ-та жұмыс пен жеке өмір арасындағы баланс үнемі жұмыс пайдасына қарай ығысады. Оның үстіне, демалыстан кейін бәрін қуып жету керек деген қорқыныш та бар”, – дейді ол Newsweek-ке берген сұхбатында.

Оған қоса, Movchan Agency коммуникация агенттігінің басқа бір сауалнамасы американдық ересектердің 54%-ы демалыс кезінде де жұмыс істейтінін анықтаған.

Тэгтер:

жұмысдемалысзерттеукінәлікінәмиллениалдар