Қазақстандық таэквондошы Қытайдағы турнирде жүлдегер атанды

23 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Қытайдың Хайань қаласында өткен таэквандодан «President’s Cup - Asian Region» халықаралық турнирде Батырхан Төлеуғали қола жүлдегер атанды.

Жарыстың алғашқы күнінде Батырхан Төлеуғали (80 келі) екінші айналымда қосылып, жартылай финалға дейін екі кездесу өтізді. Алғашқы кездесуінде Ким Чжебомнан (Оңтүстік Корея), ширек финалда Ван Го Циннен (Қытай) басым түсті. 

Жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Пак Чунсанға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали қола жүлдемен бірге 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына Қазақстанға қосымша жолдама сыйлады.

Халықаралық турнир 23-24 сәуір күндері өтеді. Әлемдік бәсекеге Азия елдерімен қатар Аустралия және Франция спортшылары келеді.

Есбол Сұлтанов шәкірттері бұл жарысқа Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дайындалды.

Тэгтер:

Қытай таэквондо Батырхан Төлеуғали