Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

23 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Түркияның Ыстамбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы хабарлады.

Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген. Эпицентрі Силиври ауданының жағалауындағы Мәрмәр теңізінде 6,92 шақырым тереңдікте анықталған. Жер сілкінісі жақын аумақтағы провинцияларға да сезілген.

Тэгтер:

Жер сілкінісіТүркияЫстамбұл