ІІМ тасжолда жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жаңа тәсіл енгізеді (ВИДЕО)

23 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Полиция трассаларда жол апаттарының жиілеуіне байланысты барлық автожолдарға талдау жүргізіп, аса қауіпті учаскелерді анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жолдың сол бөліктерінде жаңа тәсіл — жолды тарылту әдісі енгізіледі. Мақсат — тексеру емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу.

Тарылған жолда жүргізуші жылдамдықты автоматты түрде төмендетіп, мұқият болады. Бұл қауіпті аймақ арқылы өтуді қауіпсіз етеді.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан адамның шаршамағандығына және жолды жалғастыра алатынына көз жеткізу үшін қысқаша профилактикалық әңгіме жүргізеді.

Сонымен қатар тәртіпті қамтамасыз ету үшін ІІМ дрондар мен жасырын патрульдеуді белсенді қолданады.
 

Тэгтер:

тасжол қауіпсіздік