Алаяқтық жасаған күдікті Сауд Арабиясында ұсталды

23 сәуір, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген.

Тэгтер:

Алаяқ ІІМ Интерпол