«Қызыңды жұмысқа орналастырамын»: Қызылордада тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

23 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылордада тұрғынды алдаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды turkystan.kz.

39 жастағы келіншек 2025 жылдың қаңтар айында «қызыңды жұмысқа орналастырып беремін» деп, жәбірленушіден 800 000 теңге алған. Алайда жұмысқа  тұрғызбаған.

22 сәуірде полицияға жергілікті екі тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы тағы осындай мазмұнда арыз түскен.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 3 млн теңгені құраған.

Күдікті қазір ұсталған. Бұған дейін де алаяқтық фактісімен жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда оның басқа да оқиғаларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға қырағы болу және бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін тағы да ескертеді.

Тэгтер:

Алаяқ