Шымкентте есірткі дүкенін ашқан азамат ұсталды

Бүгін, 12:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген, есірткі дүкені мен есірткі зертханасын ұйымдастырған азаматты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «DDD_Shym» интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады.

Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.  

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Тэгтер:

Есірткі зертхана есірткі дүкені