Ұлытау облысында баланы ұрған балабақша тәрбиешісі сотталды

Бүгін, 10:44 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген. Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады. Бірақ оның кінәсі балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.

Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. 

Сот үкімі күшіне енді.

Тэгтер:

Балабақша баланы ұру тәрбиеші