«Apple» сауда белгісін заңсыз пайдаланған кәсіпкерге айыппұл салынды

Бүгін, 10:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланған» жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әділет департаментінің қызметкерлері жалпы сомасы 111 мың теңгеге 33 дана қап, USB Adapter – 3 дана, Air Pods Copia – 3 дана сату мақсатында «Apple Inc.» компаниясының тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, тауарлар тәркіленіп, 82 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тэгтер:

Айыппұл Тараз сауда белгісі