Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің басты сұрағына жауап берді

22 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да қуантты. Ол Алматыдағы фан-кездесуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Димаш Алматыда өтетін «D and Dears» кездесуіне деген ерекше ықыластарыңызға қуанышымды сөзбен жеткізе алмайтынын айтты.

«Сіздердің көпшілігіңіз фан-кездесуде болатын-болмайтыным туралы сұрадыңыздар. Әрине, боламын!», - деп жазды Димаш.

Әнші дәл осы кеш үшін ұжымыммен бірге жанкүйерлерін ерекше қуантатын жаңа әндер мен бейнебаяндар дайындап жатқанын айтты.

«Мен сіздерді қатты сағындым, қымбаттыларым Dears. Сіздермен кездесуімізді асыға күтемін. Өздеріңізбен жылы шығармашылық атмосферада әңгімелесіп, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын», - деді Димаш Құдайберген.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген жанкүйер