Астанада жәбірленушіні алдап, 50 мың доллар алған алаяққа үкім шықты

22 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленуші А есімді азаматшаның туысы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау фактісі бойынша күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған. Осыны біліп қалған К есімді азамат А-ның туысқанының «жазасын жеңілдетуге, айыбын ауыр баптан жеңіл бапқа ауыстыруға көмектесемін, ақшаны сол үшін полиция қызметкерлеріне беремін» деп А мен оның туыстарынан 50 мың АҚШ долларын алған. Алайда полицияда ешқандай танысы болмаған. Осылайша жәбірленуші А-ға аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген. 

Сотта ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. Сот үкімімен ол ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тэгтер:

Алаяқ Пара ақша жымқыру