20 сәуір күні таңғы 05:00 шамасында Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда жүкіті әйел өзі босанып, сәбиін терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz сйаты Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткеннен кейін пойыз жолсерігі санитарлық аймақтан қан іздерін көрген. Кейін еденді жуа бастаған. Ол сондай-ақ дәретхана іші қан болғанын және бұл жолаушыларды алаңдатқанын мәлім еткен.
Аталған жағдайды байқаған қыздардың бірі не болғанын анықтамақ болған. Ол дәретханадан купеге дейін аққан қан ізімен жүріп, көрпенің астында жатқан әйелді табады. Куәгер көрпені жылжытқан кезде төсектің бәрі қан екенін көреді.
Кейін әйел пойызда өзі босанғаны белігілі болды. Ең сорақысы, келіншек босанған соң нәрестені пойыз вагонының терезесінен лақтырып жіберген.
Дереккөздерге сәйкес, баланың денесі табылды.
«Осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оның шеңберінде тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады», - деді Көлік департаменттің баспасөз қызметі.