Солтүстік Қазақстанда зейнетке шыққан мұғалімдерге тиісті төлемдер төленбеген

Бүгін, 14:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім саласындағы қызметкерлердің конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратура тексеріс барысында еңбек заңнамасының өрескел бұзылғанын анықтаған.

Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің лауазымды тұлғалары зейнеткерлік жасқа жетулеріне байланысты жұмысын тоқтатқан 295 қызметкерге 37,6 млн теңге көлемінде өтемақы төлемеген.

Есіл, Ғ.Мүсірепов, Тайынша аудандарында Кодекс талаптарын бұза отырып, 37 мұғалімге біліктілігін арттыру курстарынан өткені үшін 4,3 млн теңге көлемінде іссапар шығындары төленбеген.

Прокуратура араласқаннан кейін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 25 қызметкерге 4,9 млн теңге көлемінде төлем жасалды.

Қалған қызметкерлерге қатысты жұмыс жалғасуда.

Тэгтер:

Мұғалімдер Төлем прокуратура Зейнет жасы