Тәжікстан: Ресеймен әуе қатынастар тең дәрежеде орындалуы керек

Тәжікстан: Ресеймен әуе қатынастар тең дәрежеде орындалуы керек

Тәжікстан: Ресеймен әуе қатынастар тең дәрежеде орындалуы керек
ашық дереккөзі
Тәжікстан көлік министрлігі 4 сәуірде Ресейдің «Сомон Эйр» әуе компаниясы ұшақтарына шектеу қоюына байланысты пікір білдірді.
РФ көлік министрлігі 3 сәуірде «Тәжікстан билігі қол жеткізген келісімге қарамастан, ресейлік «Ямал» әуе компаниясының «Жуковский» әуежайынан Душанбе және Худжандқа ұшу туралы өтініштерін қабылдамады» деп тәжік ұшақтарының Ресейге ұшуына шектеу қойған. Ал Тәжікстанның көлік министрлігі тәжік-ресей үкіметаралық келісімге сәйкес, екі тараптың ұшақтары бірдей ұшу керек дейді. «Бірақ шындығында соңғы екі айда ресейлік әуе компания Тәжікстанға 496 рейс жасаса, тәжік әуе компаниясы бар-жоғы 295 рейс ұшырған», - делінген тәжік көлік министрлігінің мәлімдемесінде. Онда сонымен бірге тәжік тарабы ресейлік «Ямал» әуе компаниясына аптасына екі рет Қорған-Төбеге және Кулябқа ұшуға ұсыныс білдіргені айтылады. «Бірақ бұл «Ямалдың» көңілінен шықпады. Сонда біз Душанбе және Худжандқа аптасына екі рет рейс ұшыруға рұқсат бердік. Бірақ бұған да көңілдері толмады. Олар аталған қалаларға күнделікті ұшақ қатынауын сұрайды», - делінген мәлімдемеде. Тәжікстандағы Ресей елшісі Игорь Лякин-Фролов қазіргі уақытта тараптар ортақ шешімге келуге тырысып жатыр деп мәлімдеді.