Астанада «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді

Бүгін, 10:34 / Інжу Әлихан

Астанада 26 сәуір күні жыл сайынғы үшінші «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жиналған қаражат аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталатын болады. Марафонды ұйымдастырушы – «Болашақ» қоры.

2023 жылдан бастап «Run for autism» марафонына 3 351 адам, оның ішінде 200-ден аса ерекше бала қатысты. Екі жыл ішінде 20 миллион теңгеден астам қайырымдылық қаражат жиналды. Оған Астана балабақшаларында 10 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Соның арқасында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар 80-нен астам бала сүйемелдеумен алғаш рет балабақшаға барды.

Биылғы марафон жалпы менталдық денсаулыққа – аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да ерекше менталдық күйдегі адамдарды қолдауға арналған. Марафон 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтықтар бойынша өтеді. «Run for autism» аясында ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық ойын-сауық эстафетасы өтеді.

Іс-шараға кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, ерекше балалар мен олардың ата-аналары, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар мен педагогтер және басқалары қатысады. Жүгіріске қатысушылар арасында Дубайға екі кісіге жолдама, «World Class» фитнес-орталығынан жылдық абонементтер, «Hilton Astana» қонақ үйінде тұруға, «M Clinic» клиникасында тексеруден өтуге сертификат, GALAXY S24 смартфоны, «Орлов моншаларына» сертификаттар және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізіледі.

«Run for autism» жүгірісіне Қазақстанның басқа қалалары: Алматы, Қостанай, Қарағанды, Жаңаөзен, Ақтау, Орал, Петропавл, Семейден қатысушылар қосылмақшы. Сонымен бірге іс-шараға Лондон мен Ыстанбұлдан да қатысушылар тіркелді. 

Орны мен күні: Астана қаласы Ботаникалық бақ 2025 жылғы 26 сәуір, старт сағ.08:00-де. 

Жүгіріске тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in 

«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу: https://surl.li/hsexsw

Назар аударыңыз: 23 сәуір – жүгіріске тіркелудің соңғы күні.

Ұйымдастырушы: «Болашақ» Корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен. Демеушілер мен серіктестер: ERG Еуразиялық компаниялар тобы, «Еуразиялық банк» АҚ, «NAK» құрылыс холдингі, «Аlstom», «ECOSHOP Astana», «Жігергаз», «Myd Production» компаниялары, «G-life» ауыз суы, «SF» қазақстандық дәмді тағамдар желісі, «Argymaq» премиалды бренді, «Astana Production» ивент-агенттігі, «M Clinic», «World Class», «K-cell», «Ocean Love», «Hilton Astana», «All off Burger», «Орлов моншалары», «Marwin», «Моя Ферма», «ANTA», «New Level», «Полезный хлеб», «WOW Swim», «Аiland», «SuperҚыз», «Солнечный мир» ҚҚ және т.б. Ақпараттық серіктестер: Qazsport TV, Город24, Mustafin Magazine, Love Radio және т.б.

2024 жылы екінші «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі қалай өтті: https://www.youtube.com/watch?v=rBGykgC-Qt4  

Тэгтер:

Астана марафон қайырымдылық