Қазақстан құрамасы велотректен халықаралық турнирде 3 жүлде жеңіп алды

Бүгін, 09:28 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Гонконг қаласында велотректен Hong Kong International Track CUP турнирі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Биыл жарысқа 68 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан велошабандоздары 2 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.

«Мэдисон» дисциплинасында Ұлттық құрама (Рамис Дінмұхаметов, Илья Карабутов) тек Жапонияға есе жіберіп, 2-орыннан көрінді. Мұнда үздік үштікті Bridgestone Cycling командасы түйіндеді.

Ал топтан тыс қалу жарысында Илья Карабутов күміске, Рамис Дінмұхаметов қолаға ие болды.

Тэгтер:

Қазақстан Гонконг велотрек халықаралық турнир