Елордада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

Бүгін, 05:11 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰҚК

21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

— Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, — делінген хабарламада.