Қазнетте ер адамның тойда билеген ерекше биі тарады (ВИДЕО)

21 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Видеодан алынған скриншот

Желіде белгісіз ер адамның ерекше би билеген сәтінен видео тарап жатыр, деп жазды turkystan.kz.

Орта жастан асқан ер адам тойдағы биімен көптің жүрегінен орын алған. Желі қолданушылары биші азаматтың қылығы өзіне жарасып тұрғаны туралы жарыса жазған.

 «Еш оғаштығы жоқ, жарасымды», «Анадай денемен жеңіл билейді екен», «Кезінде «король диско» болған кісі ғой», «Ғажап көрініс» деп жазды ғаламтор қолданушылары.

 

Тэгтер:

би Ер адам Қазнет