Францияда түрмеге шабуыл жасалды

21 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы

21 сәуірге қараған түні Франциядағы түрмелердің біріне шабуыл жасалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Францияның әділет министрі Жеральд Дарманен Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде өткен түні түрмелер мен тергеу изоляторларының қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын жазды.

«Ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ бұл әрекеттер — республикаға жасалған қоқан-лоқы. Біз қазір түрмелеріміздегі тәртіп пен билікті қалпына келтіріп жатқан шақта мұндай әрекеттердің орын алуы – өте қиын, бірақ мемлекет пен оның лауазымды тұлғалары үшін маңызды сәт», – деді министр.

Дарманен шабуылдарға қатысты нақты мәлімет келтірмеген. Дегенмен, FO Justice кәсіподағының хабарлауынша, «Лион-Корбас» түрмесінің автотұрағында екі көлік өртелген. Сонымен қатар, шабуыл жасағандар абайсызда түрме қызметкері тұрады деп ойлап, басқа бір үйге шабуыл жасаған.

Еске салайық, 15 сәуір күні Францияның бірнеше қаласында түрмелерге және түрме қызметкерлерінің көліктеріне шабуылдар жасалғаны хабарланған еді. 15-сінен 16-сіне қараған түні тағы да осындай оқиғалар тіркелген.

 

Тэгтер:

Қала Франция Түрме өрт министр Сотталушы автотұрақ хабар шабуыл мәлімет Сәуір әрекет түн