21 сәуір күні Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында 2 жасөспірім көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық олиция департаментінің мәліметінше, сағат 11.00-де Jac N56 және «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысқан.
«Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Жеңіл автокөлікте 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Полиция департаменті мерт болғандардың отбасыларына көңіл айта отырып, ата-аналардың балаларының қауіпсіздігіне мұқият қарауы керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмдардың бірі 2008, екіншісі 2010 жылғы, екеуі де – мектеп оқушылары.