Өз «ұрпақ легионын» құрмақ: Илон Маск өзінен бала туған әйелдерге миллиондаған доллар бермек

21 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Илон Маск АҚШ-тағы туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдап, ерекше шешімге келген. The Wall Street Journal басылымының жазуынша, миллиардер өзінен балалы болуға келіскен әйелдерге $15 миллионға дейін бір реттік төлем, әрі жыл сайын $100 мыңнан қосымша қаржы ұсынуға дайын.

Масктың айтуынша, АҚШ-тағы демографиялық ахуал – «сапаның төмендеуімен» қатар жүріп жатыр. Ол бұл мәселені «жоғары генетикалық әлеуеті бар ұрпақпен» шешуге болатынына сенімді. Оның логикасы бойынша, егер балалар өзінен туылса, болашақ буын әлдеқайда мықты болмақ.

Қазіргі таңда Масктың бірнеше әйелден бірнеше баласы бар екені белгілі.

Тэгтер:

Бала Әйел АҚШ туу көрсеткіші Илон Маск туу ұрпақ ұрпақ легионы