2025 жылы Күн өз белсенділігінің ең жоғарғы шегіне жетті. Ғалымдардың болжауынша, енді алдағы 7 жылда Күн айтарлықтай тынышталып, Жерге түсетін магниттік жарылыстар мен дауылдар азаяды.
Бұл жаңалық метеосезімтал адамдарға жағымды жаңалық болмақ. Себебі кейінгі жылдары жиілеп кеткен магнит дауылдары бас ауруы, әлсіздік пен күйзеліс белгілерін тудырып келген еді.
Енді мамандардың айтуынша, Күннің тыныш кезеңі басталды.